
Біздің мектеп 2014 жылы 1 қыркүйекте елімізде тұңғыш рет №73 физика – техникалық лицей болып бой көтердік. Елімізде физика – математикалық, математикалық мектептер өте көп. Ал физика – техникалық лицей тұңғыш рет ашылды. Білім жүйесінің дамуына өте қатты көңіл бөлетін елбасымыздың бастамасымен бой көтерді.
Мектеп, негізінен, физика – техникалық бағытта білім береді. Бізде гуманитарлық пәндер тереңдетіліп оқытылмайды. Ең ұтымдысы – бұл бағыттағы мектептің таза қазақ тілінде оқытылуы (осы орайда бізде өзге ұлт өкілдері де білім алатынын айта кетейік). Яғни, қазіргі таңда Астана қаласындағы №73 мектеп – лицей елордадағы үздік математиктер, үздік химиктер, үздік физиктер жинақталған құраммен шәкірттерге білім беруде.
Алғашқы жылы 545 оқушымен білім әлеміне аяқ басқан мектебіміздің саны биыл 2141 балаға дейін өсті. Ата – аналар тарапынан, оқушылар тарапынан қызығушылық басым, өйткені бұл мектепте талап қатал, тәртіп мығым.
Толығырақ
Оқушылар сарайының жалпы статистикасы
Мектептің соңғы жаңалықтары, оқиғалары мен іс-шаралары