
Образование
19.02.2016
Мұқағали атамыздың 85 жылдығына арналған кеш
Бүгін Мұқағали атамыздың 85 жылдығына арналған тағы бір керемет кешке қатысып, өнер көрсетіп қайттық. Астаналық ұстаздардан құралған өнерпаздар көрермендерге әсерлі кеш сыйлады деп ойлаймын. Тіл жанашыры, халық қалаулысы Оразкүл Асанғазы бастаған зиялы қауым өкілдері бұл кештің құрметті қонағы болды. Өлеңнің құдіретін танытатын әдемі кештер әркез жалғаса берсе екен деген ой ғана көкейде қалды. Білім басқармасының бастығы Эльмира Амангелдіқызының атынан Алғыс хат алып, марқайып қалдық. Бастысы, Мұқағали атамыздың өлеңдерінен шабыт алып қайттық.

