Меню KDT
МЕНЮ
header-logo.png edumy





1 сыныпқа қабылдау

Главная 1 сыныпқа қабылдау

2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау 2026 жылдың 27 мамыры мен 31 тамызы аралығында жүргізілетінін хабарлаймыз.

Астана қаласы ШЖҚ МКҚ «№73 мектеп-лицейінде» оқыту тек қазақ тілінде жүргізіледі.

Құжаттарды www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (мектепке қағаз нұсқасын тапсырумен қатар), сондай-ақ қағаз түрінде тапсыруға болады.

Қабылдау 3+1 қағидаты бойынша жүзеге асырылады:

  • алғашқы үш өтініш мектептің аумағында тұратын балалардан қабылданады;
  • бір өтініш ата-аналардың таңдауы бойынша қабылданады.

Қажетті құжаттар:

  • ата-аналардың (немесе заңды өкілдердің) өтініші;
  • «Бала денсаулығы паспорты» және №065/у нысаны;
  • 3×4 көлеміндегі 2 фото.

Қабылдау уақыты:

Дүйсенбі – жұма
09:00–13:00
14:00–17:00

📞 Байланыс телефоны: 8 (7172) 492097
Мектеп әкімшілігі




Мектепке қарасты аумақтар тізімі:

  • Ж. Нәжімеденов көшесі: 12, 14, 14/1, 16, 16а, 16б, 16е, 20
  • К. Аманжолов көшесі: 20, 22, 22а, 24
  • Ш. Қалдаяқов көшесі: 12, 15, 15/1, 17, 19, 19/1, 21, 21/1, 21/2
  • Депутаттық қалашық (К. Бекхожин, А. Байжанбаев, Ү. Құлымбетов, Аманжолов, Б. Қарашаұлы, М. Сағдиев, Қ. Оразалин, А-23, А-24, Б. Әшімов, Қ. Мырзабеков көшелері)
  • Тәуелсіздік даңғылы: 56, 56/1, 56/2, 56/3